26.11.2024, 10:45
Оқылды: 10

Зеленый ауылының тұрғындары ауылішілік жол жөнделуінің жалғасуын сұрайды

Бәйтерек ауданы әкімі Марат Тоқжановтың есептік кездесуі Зеленый ауылдық округінде жалғасты. 10 ай ішінде аталмыш округте де абаттандыру ісі қарқын алған. Мәселен, Заречная көшесіне көктем-күз мезгілдерінде көліктің өтуі қиын болуы себепті ұзындығы 150 метр кесек тас толтыру жұмыстары жүргізілген. Барлық жұмыстар «В.Н.Сиротин» шаруа қожалығының қаражатына істелген. Округ әкімі Ізғали Дәулетов шаруа қожалығының басшысына алғысын білдірді.

99e24ed6-4619-4e8d-bc6c-9c56c339eb05 - копия

– Биыл ауылішілік жолдар жөнделіп, жалпы ұзындығы 3 шақырым 600 метр мемлекеттік нысандардың жанына қос жабынды барлығы 12 дана асфальт соққылар орнатылды. Ұңғымалардың сынған люктері ауыстырылды. Биыл жерлестеріміздің өмір сүру сапасы жақсарғаны анық байқалады. Болашақта ауылішілік жолдардың барлық үлкен байланыстырғыш көшелерін, шамамен 6 шақырымды, асфальттау жоспарлануда. Ол үшін жеке инвестициялар есебінен ЖСҚ дайындау қажет. Еңбек Ерінен Привокзальная көшесінің соңына дейін, ұзындығы шамамен 2 шақырым, Деркөл станциясының бекетіне жолдар орнату жоспарланған. Сметалық-жобалық есеп дайындалды. Мемлекеттік сатып алу порталында конкурс өткізілді. Байқауда «Дос Холдинг» ЖШС жеңіп алды, осы кәсіпорынмен монтаждау жұмыстарын орындауға шарт жасалды. Жақын арада жұмыс басталады, - деді округ әкімі.

8765c656-51b9-4538-899e-9e3f3f1d33aa

Биыл жазда әкімдік ғимаратына ішкі жөндеу жүргізіліп, шатыр және терезелері ауыстырылған. «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша тұрғындар тауарлық 20 бас МІҚ малын сатып алуға және техникалық қызмет көрсету станциясын алуға несиеге өтінім жасамақ. Несиенің жалпы сомасы 14 млн 300 мың теңгені құрайды. Бағдарламаның игерілу жоспары 75%-ға орындалған.

Жиын барысында зейнеткер Сергей Ефимовтың ауылішілік жолды жөндеу жұмыстары жалғасады ма деген сауалына аудан әкімі Марат Тоқжанов қазіргі таңда бұл кезегін күтеді деп жауап берді. Ауданда 68 елді мекен бар. Сондықтан кезең кезеңімен жөнделетінін айтты.

3ff4f188-0ee1-482e-9143-daefb052b359

Сондай-ақ тұрғындар жаңа балабақша сұрап, Деркөлдің деңгейі түсіп, суы ластанып кеткеніне алаңдаушылық білдірді. Оған қатысты округ әкімі шаруа қожалықтарының техника күшімен Деркөлге бөгет орнатылатынын мәлімдеп, келер жылдың жоспарымен таныстырды. Ол бойынша 2025 жылға ауылішілік жолдарды күрделі жөндеуге ЖСҚ дайындау, толық жұмыс күні бар балабақша ашу, спорт алаңын салу, жаңа аспалы көпір тұрғызуға ЖСҚ әзірлеу көзделген.

Гүлім Орда

Бәйтерек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале