Жаңақала ауданы Көпжасар ауылындағы Д.Нұрпейісова атындағы білім ордасында “Біртұтас тәрбие” бағдарламасы аясында “Даналық мектебі” жұмыс жоспарын іске асыру мақсатында «Зерлі тақиядан киелі кимешекке дейін» атты тәлімді шара өтті.

Мақсаты оқушылардың бойындағы ұлттық сананы ояту, жас ұрпақ санасына туған халқына, салт-дәстүр мен әдет-ғұрпына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру. Керемет кешке «Ақ әжелер әуені» ансамблі және оның жетекшісі аталмыш ауылдық мәдениет үйінің меңгерушісі Лаура Мақсотқызы, ауылдық аналар кеңесінің төрайымы Құралай Сабырқызы, көпбалалы ана Гүлнара Қабиқызы және 8-11- сыныптың қыз балалары қатысты. Шара барысында бас киімге байланысты ақындардың өлең шумақтары оқылып, ырым-тыйымдар мен нақыл сөздердің мағынасы түсіндірілді. Сонымен қатар дәстүрлі ән шырқайтын «Аманжоловалар» триосының тұсауы кесіліп, аруларымыз ауылдың ақ жаулықты аналардан бата алды. Бір әулеттен шыққан дарынды жандардың өнер жолын бастауы – үлкен мереке, рухани жаңғырудың жарқын көрінісі деп білеміз.
Айзада Ақбасова,
Жаңақала ауданы