Бұл туралы бізге Казталов ауданының əкімі Рүстем Мүлкайұлы айтып берді.
Аудан орталығындағы Қарасу тоғанындағы судың деңгейін көрген аудан басшысымен көктемгі су тасқыны жөнінде əңгімелескен болатынбыз.
- Жалпы аудан бойынша жағдай бір қалыпты. Əзірге тасқын судан қауіп жоқ. Кешегі еріген қардың суы Қошанкөл, Қараоба бағытындағы жолды үш жерден жырып кетіп, бүгін судың деңгейі түскен. Жақын арада жолды қалпына келтіру жұмыстары жүреді.
Сарыөзен мен Қараөзен бойында орналасқан елді мекендер де тасқын суға кетпейді. Аудан орталығындағы Қарасу тоғаны бөгеліп тұр, ал Жалпақталдағы Жейіш, Ғайса бөгеттерін ашып, еріген қардың суын бір бағытқа түсірдік. Ендігі кезекте Жоғары жақтан (Ресейден) қос өзенге мол су келеді деп күтілуде. Сол елдегі əріптестерімізбен күнде сөйлесіп отырмыз. Жоғарыдан су қатты ағынмен келіп қалмаса, əзірге қауіп жоқ. Алдағы уақытта Сарыөзен мен Қараөзенге келетін суды тиімді пайдаланып, өзен бойындағы жайылма, көлтабандарға шығарып алуымыз қажет, - деді Рүстем Мүлкайұлы.
Қайрат Жақып.
Казталов ауданы
zhaikpress.kz