Кеше аудандық мәдени-демалыс орталығында жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың ұйымдастыруымен оқушылар арасында жайдарман лигасының «МАУСЫМАШАР – 2023» фестивалі өтті.
Әзілкештердің сайысына барлығы 11 команда қатысты. Ойын шымылдығы ашылысымен өздерінің ұтқыр әзілдерімен, тапқырлықтарымен және әртістік өнерлерімен көрермендерді қуанышқа бөлеген әзілкештер бірінен-бірі кем түспеді. Екі сағаттан астам уақыт бойы ауыл тұрғындарына әдемі әзіл сыйлаған шарада ауыл жастары белсенділік танытты.
Барлық команда 1,8 ойынға жолдама алды.
Жайдарман ойындарында белсенділік танытып, әдемі әзілімен көзге түсіп, көптің көңілінен шыққан Бірлік ауылдық округінен келген «Еуропа» құрамасы «Үздік команда» деп танылып, «МакДонерс» фастфуттық тағамдар желісінің иесі, «МАУСЫМАШАР – 2023» фестивалінің демеушісі Медет Ердәулетовтен 10 мың теңгенің сертификатына қол жеткізді.
Сондай-ақ Қызылоба ауылдық округінен келген «Қыздар на рахате» командасының ойыншысы Айнара Есболат «Үздік ойыншы» атанып, «5J» Барбершоп орталығының иесі Ернұр Жұмасейіттің тегін шаш қию сертификатына ие болды.
Райхан Амантайқызы,
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz