Сырым ауданы орталығындағы саябақта аудандық мәдениет үйінің жастар бөлімі мен балалар бөлімінің ұйымдастыруымен еліміздің астанасы күніне орай мерекелік шара өтті.
- Балалар жылына арналған мәдени-көпшілік шаралар ауданымызда белең алып келе жатыр. Ұлт пен ұлыстың басын қосқан, бірлік мекеніне айналған Елордамыз күннен-күнге гүлдене берсін, - дейді ұйымдастырушылардың бірі Айгерім Еслямова.
Балалар жылы аясында өткізілген шарада жас көрермендерге түрлі қызықты ойындар ойнатылып, сыйлықтар берілді. Көңілді концерт би кешіне ұласты.
Айжан Амангелдина,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz