15.05.2017, 10:50
Оқылды: 54

Жайық бекетіне – 80 жыл

Terekti jayikka 80 jil    1937 жылы Орал-Илецк теміржол стансасы ретінде құрылған Жайық бекетіне биыл - 80 жыл. Сонау 1936 жылы бұл жерде тек қана 2 жер үй, 2 казарма мен шойын жол кеңсесі ғана болған. 1939 жылы бұл бекет арқылы алғашқы жолаушылар пойызы жүре бастайды. Ұлы Отан соғысы кезінде майдан даласындағы әскерге дәл осы аймақтан азық-түлік пен киім-кешек жіберілген екен.

     Қазіргі таңда Жайық бекеті жан-жақты дамыған елді мекен. Мұнда түрлі ұлт өкілдері бір атаның балаларындай тату-тәтті ғұмыр кешуде. Тұрғындар  саны – 650.


       Мерейтойдың дүркіреп өтуіне жайықтықтар бар ықыласымен атсалысты. Ақ шаңқан киіз үйлерін құрып, дастарханға тағамның түр-түрін қойды.

       Аудан әкімі М.Мұқаев барлық тұрғынды мерейлі мерекемен құттықтап, 20 жыл бойы темір жол стансасында қызмет еткен еңбек ардагерлеріне, Жайық негізгі орта мектебінің ұстаздарына, Жайық астық қабылдау пунктінің еңбек ардагерлеріне алғыс хат және гүл шоқтарымен  марапаттады.

      Мерекелік шарада аудандық Мәдениет үйінің өнерпаздары мен жайықтық өрендер әсем әннен шашу шашты. Концерттен соң, жиылған қауым гір тасы мен қой көтеру, грек-рим мен қол күрестен бақ сынады.

Аягөз АЙБАРҚЫЗЫ

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале