Ауданымызға іссапармен "Жайық Пресс" медиахолдингі басшысының бірінші орынбасары, ақын әрі журналист Ғайсағали Сейтақ келді. 2021 жылға бұқаралық газет журналдарға жазылу мақсатында өткен кездесулер өз мақсатына жетті.

Шара барысында Ғ.Сейтақ: - Қазіргі кезде әлеуметтік желі деген газеттің жазылым санына едәуір кедергі келтіріп тұр. Бұл бірақ газет оқылмайды деген сөз емес. Газетке таңбаланған нәрсе мәңгі бақи сақталып, хатталып қалады. Сол себепті аудандық "Жаңарған өңір" газетіне және облыстық "Орал өңірі", "Приуралье" газеттеріне жазылуға шақырамын, - деді.

Аудандық "Жаңарған өңір" қоғамдық-саяси газетінің директор-редакторы Алтынбек Ермекқалиев пен ақын әрі журналист, "Жайық Пресс" медиахолдингі директорының бірінші орынбасары Ғайсағали Сейтақ жазылымға байланысты аудан әкімі Наурызбай Қарайғойшиннің қабылдауында және Пятимар, Қызылоба, Бірлік ауылдық округтерінде болып, мектептегі ұжыммен кездесті. Сондай-ақ аудан орталығында орналасқан мекемелердің бірқатарына барып, жазылу науқанына байланысты үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Тұрақты оқырмандар, мамандар өздерінің ұсыныстары мен пікірлерін айтты. Алдағы уақытта газетке жазылу саны арты түсеріне бек сенімдіміз.
Жанайдар Болатбекұлы,
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz