3.06.2024, 18:00
Оқылды: 43

«Жайық таңы» қоғамдық бірлестігі Жаңақалаға барды

Бүгін Жаңақала ауданы мектептен тыс жұмыс орталығында Орал қалалық «Жайық таңы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Гүлбаршын Мұштанованың ұйымдастыруымен бюджеттік және қоғамдық ұйымдардың қызметкерлерімен арнайы кездесу өтті.

F7EAF030-C0F4-4878-80FC-F04FEB7C578D

Жүздесудің мақсаты – ауылдық жердің бюджетін тиімді жоспарлап, экономикалық әлеуетін көтеру. Алдымен ауыл әкімі Ақан Қапанов пен Гүлбаршын Мақсотқызының алғы сөздерімен шара шымылдығы түріліп, спикерлер кездесудің мәні мен маңызына кеңінен тоқталды.  Одан кейін қатысушылар төрт топқа бөлініп, ауылдың жетістіктері мен кемшін тұстарын жазбаша баяндады.

634B2157-F952-445A-ABF0-23F0BB95815F

Сонымен бірге аймақтағы түйткілді мәселелер мен оларды шешу жолдарын талқыға салды.

Топ мүшелерінің дайындаған жобалары көпшілік назарына ұсынылып, ой-пікірлер ортаға салынды.

Айзада Ақбасова

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале