Биыл Жәнібек ауданында бірнеше спорттық нысанның құрылысы жоспарлануда. Соның бірі – Жақсыбайдағы мәдени-спорттық кешеннің құрылысы. Күні кеше құрылыстың мердігері анықталып, бүгінгі таңға құрылыс материалдарын тасу жұмыстары басталды. Кешен құрылысын оралдық «Smartech» ЖШС жүргізетін болады.

Аудан әкімі Тимур Шиниязов құрылыс учаскесіне барып, учаске бастығымен кездесті. Учаске бастығы Наурыз Қайырғалиевтің айтуынша, құрылыс нысаны қоршалып, күзетші отыратын болады. Жұмыс басталғаннан кейін жергілікті жерден тұрғындарды жұмысқа алатын болады.

Айта кетейік, жоғарыда жазғанымыздай құрылыс жұмыстарын «Smartech» ЖШС атқаратын болады. Құрылыс жұмыстары сегіз айға созылады. Құрылыстың жалпы құны 800 млн теңгені құрайды.

Қаражат «КПО б.в.» компаниясының есебінен бөлінген. Кешен деп аты айтып тұрғандай, мәдениет үйі мен спортзалды байланыстыратын үлкен ғимарат болады.
Гүлзара Мәди
Жәнібек ауданы