Бүгін, міне көптен күткен үлкен қуаныш. Жәнібек ауданына қарасты Жақсыбай ауылындағы бір пәтерлі жаңа тұрғын үйдің құрылысы аяқталды.
Аталмыш ауылдық округінде су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға арналған жеті пәтердің құрылысы басталған болатын. Соның ішінде, бүгін көп балалы ана Элеонора Хамитоваға жаңа үйдің кілті табысталды.
Тұрғын үйдің ашылу салтанатында аудан әкімі Азамат Сафималиев барша жиналған жұртшылықты қоныс тоймен құттықтады.
Сондай-ақ «Жайық Сити» ЖШС-нің учаске басшысы Қонысбай Молдағалиев өзінің жылы лебізін білдіріп, жаңа қоныс той иесіне мердігердің атынан тоңазытқышты сыйға тартты. Сонымен қатар жаңа пәтердің иесі Элеонора Серғалиқызы өзінің қуанышын жасыра алмай, алғысын жаудырды.
Жаңа пәтердің лентасын аудан әкімі Азамат Сафималиұлы мен үй иесі Элеонара Серғалиқызына қиды.
Лаура Халина,
Жәнібек ауданы
zhaikpress.kz