Адам баласының шынайы білім иесі атануына үш нәрсе қажет – білім, терең ой және қайырымдылық. Мектеп баланы үлкен теңізге дайындайтын кеме болғандықтан ол жерден бала білім-ғылымнан бөлек, жалпыадамзаттық қасиеттерді бойына жиып шығады. Осы мақсатта Дариян ауылында орналасқан Абай атындағы мектеп-гимназия-интернаты дәстүрлі түрде «Қайырымды болайық» атты жәрмеңке ұйымдастырып келеді.
Балғындарды жақсылыққа баулып, мектеп оқушыларының бойында қайырымдылық қасиеттерін ояту және кішіге қамқор, мұқтажға көмек көрсетуге дайын болуға үйрету мақсатында ұйымдастырылатын жәрмеңке 2018 жылдан бері өткізіліп келеді.
Шараға оқушылар мен ұстаздар қолдан жасаған бұйымдарын, түрлі тәттлерін қойып, сатылымға шығарады. Одан түскен пайда аз қамтылған, жағдайы төмен отбасыға табысталады. Осы күні игі бастамаға қолдау білдіріп, белсенділік танытатындар қатары көбейген. «Қоңырау сайын сатылым орынына ағылатын оқушылар мен мұғалімдер өздеріне қажетті заттарды сатып алады. Көршілік жыл сайын аталмыш жәрмеңкенің аясы кеңіп, ұйымдастыру жағы ерекшелене түскенін айтуда. Биыл саттыққа қойылған заттар мен түрлі тәттілер бірнеше сағаттың ішінде өтіп кеткен.
Биыл бастауыш сынып оқуышлары да жәрмеңкеге қатысып, қайырымды іске өз үлесін қосты. Мектеп ұстаздары бүлдіршіндер есейгенде жоғары сыныптағы аға-апалары секілді игі бастамаларға себепші болып, олардың ізін басып, осы істі қарқынды жалғастыратынына сенімді. Айтуларынша, дәл осындай бастамалар кішкентай бүлдіршіндердің тұлға болып қалыптасуына зор ықпалын тигізеді екен.
«Алғыс айту» күні, артынша «халықаралы әйелдер күні» сияқты мерекелермен басталатын көктемнің алғашқы айын қайырымдылық шарасымен бастаған білім ордасының жақсылығы алдағы уақытта жалғасын таппақ.
Хакім Абай өз заманында адамның үш асыл қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек деп жазып қалдырған.Ақылдан туған игі істі немесе пайдалы ойды жүрекке салып, саралап, оны күш-қайратымен іске асыра білген адамды толық адам деп санауға болады. Мектеп оқушылары мен ұстаздарының адамдыққа басқан бір қадамымы ертеңгі күні алдынан шығары анық. Жақсылық жасаудан жалықпайық.
Мадина Ибрагим
Бәйтерек ауданы,
Дариян ауылы,
Абай атындағы мектеп-гимназия интернатының оқушысы