22.11.2021, 14:50
Оқылды: 22

"Жақсылық жасаудан жалықпа" қайырымдылық шарасы өтті

Бәйтерек ауданында Тұңғыш Президент күні мен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30  жылдық мерейтойы қарсаңында «Жақсылық жасаудан жалықпа» атты қайырымдылық шарасы өтті.

IMG-20211122-WA0035

Көшім ауылдық округі әкімі аппараты және "Nur Оtan" партиясының Көшім бастауыш партия ұйымының ұйытқы болуымен ұйымдастырылған шараның басты мақсаты ауыр дертке шалдыққан Фатима Асқарға жәрдемдесу болды.

Қайырымдылыққа жаны құмар, өзгенің мұңын түсінетін және көмекке мұқтаж жанға қолұшын беруге дайын тұратын көшімдіктер науқастанған бүлдіршін жайлы әлеуметтік желіден көріпті. Осылайша партияның бастамасын ерекше іске асырған ауыл азаматтары қаражатқа мұқтаж жанға қолұшын созуға білек сыбанып кірісіп кеткен.

IMG-20211122-WA0037

Қайырымдылық шарасы аясында қолөнер шеберлерінің қолынан шыққан бұйымдардан жәрмеңке ұйымдастырылып, жиналған қаржы толықтай Фатиманың еміне жіберілген.

Сонымен қатар сауапты істен округ әкімшілігі, білім, денсаулық сақтау және мәдениет қызметкерлері де қалыс қалмай мүмкіндігінше қолдау көрсеткен.

DSC00471

-Фатиманың науқастанғаны жайлы ғаламтордан көріп, жүрегіміз елжіреді. Содан, оның еміне өз үлесімізді қоспақ ниетпен қайырымдылық шарасын қолға алдық. «Көп түкірсе көл» дегендей, «Жақсылық жасаудан жалықпа» атты бастамамызда 56 100 теңге қаражат жиналды. Ол қаржы түгелімен дертке шалдыққан бүлдіршіннің әкесінің есепшотына жөнелтілді, – дейді Көшім ауылдық округі әкімінің бас маманы Асылбек Асанов.

Назерке Сыйлыбаева,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале