22.09.2025, 11:00
Оқылды: 226

Жалпақтал ауылдық округі әкімінің жүлдесі сарапқа салынды

Казталов ауданы, Жалпақтал ауылдық округі әкімінің жүлдесіне арналған көше командалары арасында үлкен футболдан екі күн бойы болған жарыс өз мәресіне жетті.

IMG_9024

Жарысқа Жалпақтал ауылының көше тұрғындары арасынан «Тайфун», «Стрела», «Маяк», «Жалын», «СТС», «Бөлек қала» командалары қатысты. Әр кездесу ойындары өткен сайын мықты командалар іріктелініп отырды. Онда ауыл әкімі жүлдесіне арналған үлкен футбол жарысының тартысты өткені соншалық, қалаға көшіп кеткен жалпақталдық жігіттердің біразы жарысты көру үшін арнайы ауылға келіп, ойын көркін қыздыра түсті.

IMG_9011

Үлкен футболға арналған әлемдік талаптарға (ережелерге) сай жүзеге асырылып, Жалпақтал ауылдық округі әкімінің жүлдесіне арналған жарыстың арнаулы аталым иегерлері мен жеңімпаз жүлдегерлері анықталды. Сөйтіп, «Үздік қақпашы» аталымы Алмас Төлегенге (Стрелла), «Үздік қорғаушы» аталымы Мерей Мусағалиевке, «Жарыстың сұрмергені» аталымы Ернұр Қайыржановқа, «Үздік ойыншы» аталымы Әлихан Хайрге бұйырды.

IMG_8996

Турнир қорытындысында ІІІ орынды - «Маяк» командасы алса, ІІ орын - «Стрела» командасына бұйырды. Ал, І орынды - «Тайфун» командасы алды.

IMG_8993

Жарыстың арнаулы жүлде иегерлері мен жеңімпаз-жүлдегерлері арнайы медальдармен, дипломдармен, 100 000 теңге, 150 000 теңге, 200 000 теңге және жарыс үздіктері аудандық мәслихат депутаттары Рауан Есенғалиев, Мәди Меңдешев, Серікбол Қадемовтер тіккен ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

IMG_9028

Өз кезегінде ауыл тұрғындары, өздерінің патриоттық сезімдерін көрсете білген спортшыларға және осы жарысты қолдай білген үлкен футбол ойынының демеушісі «BAL FINANSE» ЖШС-нің басшысы Нұртілек Нұрлыбекұлына, аудандық «Айбын» спорт клубының әдіскері Бекежан Биғалиұлына, жалпақталдық спорт жанкүйерлеріне жарысты ұйымдастырушыларға алғыс білдіреді.

Қыдыр Харесұлы,

Казталов ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале