Кеше Жалпақтал Мәдениет үйінде суретші-ұстаз Бейбіт Мұқановтың зейнеткерлік жасқа толуына орай «Өнерге тағзым» тақырыбында сыр мен сұхбатқа толы рухани кеш өтті.
Мәдениет үйі фойесіне Бейбіт Сағынғалиұлының фотосуреттері мен аудандық «Ұлттық колорит» шығармашылық сурет байқауы жеңімпаздарының жұмыстарынан көрме қойылды. Кеш барысында Казталов ауданы әкімінің орынбасары Серік Қайырлиев, Казталов ауданы білім беру бөлімінің басшысы Самал Джангереева, «Парасат» орденінің және Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Дариға Мұштанова құттықтауларын жеткізіп, сый-сияпат жасады.
Сондай-ақ, аудандық «Ұлттық колорит» шығармашылық сурет байқауының жеңімпаздарын марапаттады.
Әрі қарай сұхбат кеші жалғасып, концерттік бағдарламаға ұласты. Кеш соңында ауыл әкімдігінің маманы, мекеме басшылары сөз алып, жылы лебіздерін білдірді.
Қыдыр Харесұлы
Казталов ауданы