21.02.2020, 11:31
Оқылды: 104

   «Жалпақтал» қалашығының шежіресіне үңілді

Елімізде «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы жүзеге асуда. Жоба бойынша Қазақстанның жалпыұлттық киелі орындары қатарына кіретін 100 нысанның тізіміне Батыс Қазақстан облысынан 7 нысан енгізілген. Солардың бірі –  ортағасырлық «Жалпақтал» қалашығының тарихы мен археологиялық жұмыстарын насихаттау, жас ғалымдардың қызығушылығын арттыру, үлкен ғылыми зерттеулерге жол ашу мақсатында, Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы және Алтын Орданың 750 жылдығы аясында Жалпақтал ауылында «Туған жер – тұнған тарих» атты облыстық семинар өтті.

 

Kaztalov seminar (4)

Kaztalov seminar (3)

 

Семинарға «Қазақстан салалық, мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» Батыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Айдар Батырханов, аудан әкімі Альберт Есалиев, мәдениет, білім салаларының мамандары мен облыстық музей қызметкерлері, археологтар, тарихшылар қатысты.

Kaztalov seminar (1)

Семинарда «Алматы қаласының археологиялық талдау ғылыми зерттеу ұйымы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ғылыми қызметкері, археолог Денис Марыксин, К.Меңдәлиев атындағы орта мектептің мұғалімі Абылай Молдашев, БҚО тарихи-мәдени мұраларын қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекциясының бас инспекторы Ерұлан Орынбасаров, БҚО тарих және археология орталығының аға ғылыми қызметкері Яна Лұқпанова хабарлама жасады.

Семинарға қатысушылар пікір алмасып, арнайы ұсынбалар қабылданды.

Kaztalov seminar (5)

Қыдыр ХАРЕСҰЛЫ

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале