26.02.2025, 17:30
Оқылды: 398

Жалпақтал колледжінде әдеби кеш ұйымдастырылды

 Жалпақтал аграрлық және салалық технологиялар колледжінің кітапханасында қазақтың белгілі лирик ақыны Тұманбай Молдағалиевке арналған «Тұманбай жыры — тұнған сыр» атты әдеби кеш ұйымдастырылды.

IMG-20250225-WA0031 (1)

Шара барысында ақынның кітап көрмесі ұсынылып, лирик ақын Тұманбай Молдағалиевтің өмір жолдары мен шығармашылық еңбегі таныстырылды. Сұрақ-жауап негізінде өрбіген әдеби кеште ақынның өлеңдері оқылып, логикалық ойындар ойналып, Тұманбай ақынның кең тараған «Құстар қайтып барады» әні шырқалды.
Шараға І курс студенттерінің кураторы, алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушысы Айболат Қыдыров қатысып, әдеби кешті ұйымдастырған колледждің кітапханашысы Флора Сағындыққызына студенттер атынан алғыс білдірді.

Қыдыр Харесұлы,

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале