30.04.2025, 10:00
Оқылды: 330

Жалпақтал колледжінде облыстық «Juniorskills Jalpaktal — 2025» чемпионаты өтті

Жалпақтал Мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранын орындаумен басталған Жалпақтал аграрлық және салалық технологиялар колледжінің ұйымдастыруымен облыстық «JuniorSkills Jalpaktal – 2025»  чемпионаты басталды. Ұзақты күнге созылған бұл байқау аты айтып тұрғандай «JuniorSkills» — дарынды балаларды анықтау және қолдау, білім алушылардың кәсіби жағдайда практикалық дағдыларын дамытып, өз бетінше жұмыс істеуге жетілдіру және олардың кәсіби ойлау қабілеті мен орындалған жұмысқа деген жауапкершілігін арттыру болып табылды.

IMG_6329

Облыстық «JuniorSkills Jalpaktal – 2025» чемпионатының салтанатты ашылуында алғаш сөз алған Казталов аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Айдана Мұханбетова мен аудандық білім бөлімінің маманы Гүлжан Әділгереева окушылардың мамандық таңдаудағы қызығушылығын арттырып, жас ұрпаққа кәсіби бағдар беру мен әртүрлі мамандықтардың сан-қырлы жақтарын жақынырақ таныстыруға бұл чемпионат үлкен жол ашатынын атап өтті.
Жалпақтал аграрлық және салалық технологиялар колледжі 2025 жылдың 22-26 сәуір аралығында «WorldSkills ORAL — 2025» өңірлік чемпионатына 6 құзыреттілік бойынша қатысып бақтарын сынаған болатын. Онда ветеринария құзыреттілігі бойынша Дастан Әдиетұлы (студенті Елжан Орынғалиев), дизельді қозғалтқышқа техникалық қызмет көрсету құзыреттілігі бойынша Самат Сұлташев (студенті Думан Мұсабек), бояу және сәндік жұмыстары құзыреттілігі бойынша Арман Хайруллин (студенті Қайнар Қайруллин), графикалық дизайн құзыреттілігі бойынша Дамир Имашев (студенті Райхангүл Неғметоллина), компьютерлік ойындарға арналған 3D моделдеу құзыреттілігі бойынша Әлихан Тулекешев (студенті Равиль Мұсағали), веб технология құзыреттілігі бойынша Гүлфия Ерғужиева (студенті Аяжан Хайруллина). Онда графикалық дизайн құзыреттілігі бойынша Райхангүл Неғметоллина облыстық чемпионатта жүлделі ІІІ орын игері атанса, дизельді қозғалтқышқа техникалық қызмет көрсету және Веб технология құзыреттіліктері бойынша Аяжан Хайруллина мен Думан Мұсабек медальон иегері атанды. Ал, 2025 жылдың 26-27 наурыз күні Орал қаласындағы Амангелді Иманов атындағы жол-көлік колледжінің базасында техниклық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының арасында өткізілген кәсіби шеберлік республикалық конкурсының облыстық кезеңінен Жалпақтал аграрлық және салалық технолгиялар колледжінің арнайы пән оқытушысы Самат Сұлташев ауыл шаруашылығы саласы бойынша «Дизель қозғалтқыштарын жөндеу және қызмет көрсету» құзіреттілігі бойынша облыстық кезеңде ІІ дәрежелі дипломмен марапталып, Ақмола қаласында өтетін республикалық кезеңге жолдама алды. Сол сияқты 2024 жылы Орал политехникалық  колледжінің базасында техниклық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының арасында өткізілген кәсіби шеберлік республикалық конкурсының облыстық кезеңінен Жалпақтал аграрлық және салалық технолгиялар колледжінің өндірістік оқыту шебері Арман Хайруллин құрылыс саласы бойынша «Бояу және сәндік жұмыстары» құзіреттілігі бойынша облыстық кезеңінде І дәрежелі дипломмен марапталып, Семей қаласында өтетін республикалық кезеңге жолдама алды. Жоғарыда аты аталған ұстаздар мен өндіріс шеберлерін колледж директоры Жасұлан Ғұмаров пен директордың өндірістік оқыту ісі жөніндегі орынбасары Дәурен Оразаев құттықтап, марапаттарын табыстады.

IMG_6297
Екі кезеңнен тұратын бүгінгі чемпионат Жалпақтал аграрлық және салалық технологиялар колледжі базасында «Кондитер» құзыреттілігі бойынша  өткізілді. Барлық қатысушылар тіркеуден өтіп, жеребе арқылы жұмыс орнына жайғасты. Чемпионат барысын арнайы бекітілген қазылар алқасы қадағалап, қатысушылардың жұмыстарына баға берді. Бекітілген қазылар алқасының құрамын Альбина Сәрсенғалиева (төрайым) және қазылар алқасының мүшелері Алмагүл Әміреева, Әсел Масалиева, Айкөркем Қанаткалиева, Ботагөз Батыргалиевалар толықтырды.
Казталов аудандық білім беру бөлімі мен Жалпақтал аграрлық және салалық технологиялар колледжі базасында «Кондитер» құзыреттілігі бойынша 9 сынып оқушылары арасындағы аудандық «JuniorSkills Jalpaktal – 2025» чемпионаты өз мәресіне жетіп, жоғары деңгейде ұйымдастырылған айтулы шараны БҚО әдістемелік орталығы техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің басшысы Райгүл Қуанышалиева салтанатты түрде қорытындылады.

IMG_6279
Чемпионаттың жеңімпаз, жүлдегерлері болып табылып І орын иегері атанған Ботагөз Мұқанғали (Кенжебек Меңдалиев атындағы ЖОББМ), ІІ орын иегері Екатерина Терехова (Ғинаят Молдашев атындағы ЖОББМ), ІІІ орын иегері Саялы Елемес (Қараөзен мектеп-лицейі) және чемпионаттың
«Үздік маман» номинациясы аталымымен Айсәуле Талғатқызы (Ахмет Байтұрсынұлы атындағы ЖОББМ)
«Шебер қол» номинациясы аталымымен Мәдина Дүйсенбева (Ақпәтер ЖОББМ), «Ынталы маман» номинациясы аталымымен Әлима Мурат (Жаңажол ЖОББМ) марапатталды. Қазылар алқасының төрайымы Альбина Сәрсенғалиева, қазылар алқасының мүшесі Әсел Масалиева және колледж директоры Жасұлан Ғұмаров жеңімпаз, жүлдегерлерге дипломдар мен ақшалай, заттай сыйлықтар табыс етті.

Қыдыр Харесұлы,

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале