Жалпақтал ауыл күні мерекесінде Жалпақтал перзентханасында бір ұл бала өмірге келді.
Жалпақтал күнінде өмірге сәби алып келген Гүлдаурен Жайлаубаеваны құттықтау үшін Жалпақтал ауруханасы бас дәрігердің ана мен бала жөніндегі орынбасары Гүлан Сапахова, Жалпақтал ауылдық округі әкімі аппаратының маманы Айбарша Мұсағалиева құттықтап, сәбидің деніне саулық тіледі.
Жалпақтал ауыл күні мерекесінде жарық дүниемен қауышқан сәбидің денсаулығы жақсы. Ықыласқа бөленген төрт баланың анасы Гүлдаурен Жайлаубаева алғысын жеткізді.
-Жыл басынан бері Жалпақтал ауруханасының перзентхана бөлімінде 168 сәби дүниеге келді. Жалпақтал ауылында 48 сәби жарық дүниенің есігін ашып отыр. Күні бүгінде ана мен бала өмірі тіркелген жоқ, - дейді Гүлнар Мүтиғоллақызы.
Тұрарбек АҚМУРЗИН,
Жалпақтал ауылы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!