28.08.2025, 0:00
Оқылды: 385

Жалпақтал саябағы жаңадан абаттанады

Көптен бері Жалпақтал ауылындағы орталық саябаққа абаттандыру жұмыстары жүргізілу керек екені айтылып жүрген еді. Сәті енді түскен сол жоба биыл жүзеге асатын болды.
IMG_8612

- Жобалау жұмыстарымен айналысатын «MG Design Incorporated» ЖШС-нің директоры Рахым Баянов орталық саябақтың жобалық-сметалық құжаттарының эскизін даярлап, Жалпақтал  ауылының қоғам белсенділеріне таныстырды.
Алда абаттандыру жұмыстарының құжаттары реттеліп, осы жылы қолға алынатын болады, - деді жағымды жаңалықпен бөліскен Жалпақтал ауылының әкімі Ғаділбек Әлібеков.
Жергілікті тұрғындар игілігіне пайдалануға ұсынылып отырған орталық саябақтың заман талабына сай безендіріліп, абаттануы және оның арнайы сметалық жобамен құрылысының жүргізілуі жергілікті тұрғындарды шынымен қуантып отыр.
IMG_8610
Басқосу жиынында сөз алған тапсырыс беруші Казталов ауданы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Ерлан Аронов, жоба авторы Рақым Баянов, мердігер «Сайдар» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы Нұрсұлтан Нәсіпқалиев алда атқарылар маңызды жобаның басты бағыттарын кеңінен таныстырып өтті.

Қыдыр Харесұлы

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале