22.03.2025, 21:17
Оқылды: 47

Жалпақтал төрінде Нұр наурыз — халық тойы» атты мерекелік концерті өтті

Бүгін Жалпақтал ауылында халықтық сипатқа ие болған «Нұр наурыз — халық тойы» атты Ұлыстың Ұлы күні кең көлемде аталып өтті.

IMG_5082

Көктің тынысын тыңдап, жердің тамырын басқан, тұрмыс-тіршілігін табиғат-анамен тығыз байланыстырған халқымыз — Наурызды жаңару мен жасампаздықтың бастауы, ырыc пен берекенің арқауы деп бағалаған. Наурыз — жаңа күн, жаңа жыл есебінде баршаға молшылық пен татулық әкеледі. Жаңа жылдан ел тұрғындары тыныштық пен амандықты, бақыт пен берекені күтеді. Салт-дәстүрдің мерейін өсіріп, ынтымақ пен достықты айшықтайтын Наурыз мерекесі елімізге құт-береке, ырыс әкеледі деп сенеді.
- Біз әр күнімізді өсу мен дамуға, ырыс пен берекені нығайтуға арнаған ынтымағы мол елде өмір сүріп отырмыз. Барлық игілікті істер табыспен аяқталып, жемісті еңбек қуаныш әкеле берсін! Наурыз – Ұлыстың Ұлы күні. Бұл мезгілде күн мен түн теңеліп, төрт түлік төлдеп, ақ молайып, дүние жаңара бастайды. Сондықтан осынау қасиетті күнде Сіздерді аудан тұрғындары атынан Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Жер бусанып, тіршіліктің жандана бастайтын тамаша уақытында ауыл халқы молшылық пен тоқшылыққа бөлене берсін, - деді салтанатты шараға қатысып, ауыл тұрғындарын құттықтаған аудан әкімі Асланбек Сарқұлов.
Осыдан кейін — ақ түйенің қарны жарылған қуанышты сәт Жалпақтал ауылында өз салтанатын құрып, «Нұрлы Наурыз — халық тойы» атты мерекелік шара басталып кетті. Жалпақтал ауылдық округінде орналасқан барлық мекеме ұжымдары бірігіп ұсынған ұлттық салт-дәстүрлерімізден көрмелер көрсетіліп, ұлттық тағамдар таратылып, үлкен киіз үйден ауылдың ақсақалдары мен сыйлы қонақтарына мерекелік Наурыз дәм ұсынылды. Одан басқа мерекелік шара барысында бүлдіршін балалар Қызыр бабамызға өздері жаттаған баталарын айтып, Наурыз көктемнің біздің елге арнап алып келген Наурыз қоржынынан кәдесыйлар алды.

IMG_5079

Той болған соң барлық шара қамтылатыны белгілі. Бүгінгі Әз-Наурыз тойында ұлттық спорттық ойындар да қалыс қалмай, ауыл тұрғындарының қатысуымен садақ ату, табан тірес, қол күресі (білектесу) және арқан тартудан мерекелік сайыстар өткізілді. Сол сияқты ақ түйенің қарны жарылған ұлыстың Ұлы күнінде ауыл өнерпаздарының ұйымдастыруымен «Нұрлы Наурыз – халық тойы» атты мерекелік концерт көпшілік қауымға ұсынылып, ұлттық спорт жарыстарының жүлдегерлері мен жеңімпаздары салтанатты түрде марапатталды.

Спорттық жарыстар  қорытындысы

Жалпақтал ауылында  өткен Әз-Наурыз тойында ұлттық спорт ойындар да бағдарламадан тыс қалмай, садақ атудан, табан тірестен, қол күресінен (білектесу), арқан тартудан мерекелік сайыстар оздырылып, спорттың осы түрлерінен жүлдегерлер мен жеңімпаздар төмендегіше анықталды.

IMG_5173

Садақ ату бойынша І орынды  Жомарт Меңдешов, ІІ орынды Қайыржан Меңдіғалиев Иеленсе, ІІІ орын Айбар Мұғалбаевқа бұйырды.

Білектесу бойынша І орын Ғасырбек Нағымға, ІІ орын Әділжан Жомартқа, ІІІ орын Данияр Айталиевке бүйырды.

Арқан тарту бойынша І орын — 1992 жылы туған перзенттерге, ІІ орын — «Байқоңыр» командасына, ІІІ орын — Жалпақтал спорт мектебіне бұйырды.

IMG_5140

Табан тірес бойынша І орынды Мерхат Самиғоллин, ІІ орынды Әділбек Меңдешов, ІІІ орынды Мерхан Хазиев алды.

Жеңімпаз, жүлдегерлер дипломдармен, медалдармен марапатталды.

IMG-20250322-WA0128

Осылайша халықтық сипатқа ие болған Әз-Наурыз тойы Жалпақтал ауылында жоғары деңгейде тойланды.

Қыдыр Харесұлы
Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале