10.12.2023, 12:30
Оқылды: 65

Жалпақталда ақын Меңдігүл Темірғалиеваның шығармашылық кеші өтті

Кеше Жалпақтал ауылындағы мәдениет үйінде Казталов ауданының жұртшылығына кеңінен танылған ұлағатты ұстаз, белгілі ақын Меңдігүл Темірғалиевның «Ауылға сағыныш» атты шығармашылық кеші өтті.

FB_IMG_1702171491635

Көрермен залында кісілер саны аз болғанымен, шараға арнайы келіп қатысқан қонақтардың салмағы көп адамның жоқтығын мүлдем сездіртпеді. Себебі, ақын қыздарының айтулы кешіне арнайы келген Меңдігүл Мұханбетжанқызының туған жері Бостандық ауылы мен отыз жылдан астам өмір сүрген Сатыбалды ауылының аз тұрғындары зал ішін жайнатып, кеш ажарын аша түскендей болды. Тіпті, олардың қатарында кіп-кішкентай болып Меңдігүл ұстаздың өрімдей оқушыларының Сатыбалды ауылынан арнайы келіп отырғандары да бәрімізді сүйсіндірді. Зал мен сахнаның арасындағы байланыс бірден орнығып, ақынның шығармашылық кеші бір деммен жоғары деңгейде зырғып өтті де шықты.

FB_IMG_1702171521424

Кеш барысында Меңдігүл ақынның сөзіне жазылған жергілікті композиторлардың әндері шырқалып, лирик ақынның сезімге толы әдемі өлеңдері түйдек-түйдегімен оқылып, көрермендерге тарту етілді.

Ақын кешін тамашалаған шара қонақтары шығармашылық кештің соңында Меңдігүл Мұханбетжанқызына шынайы пейілдерімен Алғыс хаттар табыс етіп, ауылдас ағалары ақын қарындастарының иығына камзол жауып, гүл шоқтарын ұсынды.

FB_IMG_1702171500437

Ал мәңгі өлмес өлеңімен жұрт жадында елінің ерке қызы атанған Меңдігүл ақын осы кешті ұйымдастырып жүргізген айтулы ақын ағасы Қыдыр Харесұлы мен осы бастаманы дер кезінде қуаттаған жергілікті билік өкілдеріне, барлық ауылдастарына өз атынан шынайы алғыс айтып, бүгінгі кешті тамаша арнау өлеңімен қорытындылады.

Жадыра Берекетова,

Жастар ресурстық орталығының кеңесші маманы, 

Жалпақтал ауылы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале