8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай Жалпақтал мәдениет үйінде «Ана – көктем» мерекелік концерті өтті.

Көгілдір көктемнің шырайлы мерекелерінің бірі 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күнін ізгілік пен әдеміліктің символы болған әйел жандармен байланыстыратыны айтпаса да түсінікті. Айтулы мерекеде жүздеріне қуныш, көңілдеріне күлкі сыйлауды мақсат тұтқан керемет шарада Казталов ауданы әкімінің орынбасары Серік Қайрлиев сөз алып, барша нәзік жанды аруларды төл мерекелерімен құттықтап, ауыл-елдің өркендеу жолында ұзақ жылғы еңбектері үшін бір қатар жұмысшы мамандарға Алғысхаттар табыс етті.

Аналардың құрметіне арналған әдемі өлең жолдарымен бастау алған мерекелік концерттік бағдарламада әуезді ән мен әдемі билерімен сонымен қоса театрландырылған қойылымдар көрсетілді.

Әсерлі кештің куәсі болған көрерменнің ықыласы көңілді жүздерінен көрініп тұрды.

Қыдыр Харесұлы
Казталов ауданы