27.11.2024, 16:30
Оқылды: 21

Жалпақталда атқарылған игі істер жалғасын таба бермек

Казталов ауданында әкімдердің халықпен кездесу жиындары өтіп жатыр.

IMG_3582

Жалпақтал ауылдық округінің әкімі Ғаділбек Әлібековтің округте атқарылған жұмыстары жөнінде кезекті есебі тыңдалып, оған аудан әкімі Асланбек Сарқұлов, облыстық мәслихат депутаты Самат Хасанов, аудандық мәслихат төрағасы Сәрсенбай Молдашев, аудандық мәслихат депутаттары Рауан Есенғалиев, Мәди Меңдешов, Серікбол Қадемов пен бөлім және мекеме басшылары қатысты.

– Жалпақтал ауылдық округінің жалпы халық саны – 5 385 адамды құрайды. 2024 жылғы I жартыжылдықтағы тұрғындармен кездесуде көтерілген ұсыныс-пікірлерді жүзеге асырып, іс-шаралар жоспарының орындалуын сөз етсек, Ғинаят Молдашев мектебіне екі дана электр генераторы алынып, LED экран орнатылды. «Балдәурен» бөбекжайына 2 қазандық алынып, Жалпақтал ауылындағы орталық саябақты қайта жаңғырту бойынша ЖСҚ жасақталынып, сараптаманың оң қорытындысы алынды. Одан бөлек қала жағындағы көпірге топырақ төгіп, тегістеу жұмыстарына қажетті қаражат есебі шығарылып, тиісті қаражатқа сұраныс берілді. Сол сияқты Овчинников саяжайының құжаттарын заңдастыру, Байқоңыр көшесіндегі көппәтерлі екі қабатты үйдің төбесін, мұржасын жөндеу, септикті ауыстыру, жертөлесін жасау, Жалпақтал ауылының ауылішілік автомобиль жолдарын реконструкциялау, жаяу жүргінші жолдарын салу жұмыстарын жүргізу, К.Меңдалиев мектебінің ауласындағы апатты жағдайда тұрған құрылысы аяқталмаған ғимаратты ретке келтіру мектепті күрделі жөндеу жұмыстарына ЖСҚ жасақталған кезде бірге қосу, мұрағат ғимаратының құрылысы жобалық-сметалық құжаттама жасақтауға келісім шарт жасалып, қазіргі танда оған ЖСҚ жасақталуда. Жалпақтал ауылындағы қатты тұрмыстық қалдықтар алаңы құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасын қайта түзетуге келісім шарт жасалып оған да ЖСҚ дайындалуда. Сол сияқты округ бойынша 16 тұрғын үй құрылысы жүргізіліп, жыл соңына дейін пайдалануға берілетін болады. Айта берсек, ауылда атқарылуға тиіс ауқымды жұмыстар жетіліп артылады. Оның ішінде кәсіпкерлерді қолдау мақсатындағы түрлі мемлекеттік бағдарламалар, түлектердің туған жерге арнап тарту еткен нысандарын күтіп ұстау, ауыз су мен техникалық су мәселесін реттеу сияқты тағы да басқа бірнеше шаралар кіредң, - деген Жалпақтал ауылдық округінің әкімі Ғаділбек Әлібеков ауылды дамыту жөніндегі алда да атқарылар ауқымды жоспарларымен бөлісті.

IMG_3569

Жиында облыстық және аудандық мәслихат депутаттары мен жергілікті полиция, аудандық «Мансап» орталығының директоры сөз алып, өздерінің атқарған жұмыстары жөнінде мәліметтерін берді.

Ал жиынға қатысқан жергілікті тұрғындар белсенділік танытып, билік өкілдерінің бастары қосылған отырыс жиынында түйіткілді мәселелерді ортаға салып, оның уақытылы орындалуына басшылардың назарын аудартты.

Жиынды қорытындылаған аудан әкімі Асланбек Ахметоллаұлы мінбеге көтеріліп, атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасаған округ әкімі Ғаділбек Әлібекұлына басқосуда көтерілген мәселелер жөнінде тапсырмалар берді.

– Жалпақтал ауданымыздағы алдыңғы қатарлы округтердің бірі. Оның әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыру әрбір мемлекеттік қызметкер үшін маңызды міндет. Сондықтан Жалпақтал ауылының іске асқан барлық жетістіктері өз шешімін тапса округ тұрғындарының қуанышы еселене түсері сөзсіз. Осыны әркез ескергеніміз абзал, - деген аудан әкімі Асланбек Ахметоллаұлы жиында көтерілген мәселелер бойынша барлық іс-шаралар жоспары жасақталатынын жеткізді.IMG_3616

Қыдыр Харесұлы

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале