Казталов ауданы Жалпақтал Мәдениет үйінде «Әуен LIFE» атты концерттік бағдарлама жүзеге асты.

Керемет ұйымдастырылған сазды кеште жергілікті көрермендер әртүрлі жанрдан әндер тыңдап, көңілдерін сергітті. Көрермен залынан табылған ауыл әкімі, мекеме басшылары, аудандық мәслихат депутаттары мен өзге де өнер сүйер қауым сахнадан өнер көрсеткен жергілікті әртістеиге риза болып, оларға үлкен қошемет көрсетті. Сәтті таңдалған репертуар мен кештің өзгеше форматы көрермен көңілін бірлеп ерекше әсер сыйлады. Концерт барысында әуенге елтіген көрермен өнерпаздарға ұзақ қол соқты.
Қыдыр Харесұлы,
Казталов ауданы