28.02.2025, 10:30
Оқылды: 389

Жалпақталда ауыл әкімі бір ұжымдағы төрт еңбек ардагерін қабылдады

Жалпақтал ауылында жүз жылдық тарихы бар «Обаға қарсы күрес» мекемесінде ұзақ жылдар бойы үздіксіз қызмет жасап, бір мезгілде зейнеткерлікке шыққан осы ұжымның төрт бірдей еңбек ардагерін Жалпақтал ауылдық округінің әкімі Ғаділбек Әлібеков қабылдап, алғысхаттар табыс етті.

IMG_4411

Қызығынан гөрі қиындығы мен қауіптілігі басым тұратын осынау айтулы мекемеде жылдар бойы үздіксіз еңбек етіп, жемісті зейнеткерлік жасқа жеткен ардагерлер қатарында мекеменің зоологі Ерлан Рахатов, дезинфектор қызметін атқарған Сабыртай Темешов, Амангелді Сәрсенғалиев және кіші қызметкер Қарлыға Машировалар бар.

IMG_4405
Қабылдау шарасында еселі еңбектері көп жариялана бермейтін құпиялау мекеменің ардагерлерін жылы қабылдап, құрмет көрсете білген ауыл әкімі Ғаділбек Әлібекұлына осы ұжымның басшысы Айдана Ғимыранқызы мен мекеменің зоологі Ерлан Боқайұлы сөз алып, зейнеткерлер атынан өз алғыстарын жеткізді.

IMG_4399

IMG_4404

IMG_4407

Қыдыр Харесұлы
Казталоы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале