Жалпақтал ауылдық округі әкімінің жүлдесіне арналған көше командалары арасында футболдан өткен жарыс өз мәресіне жетті.
Астана күні мерекесі қарсаңында басталып, Спорт күні мәресіне жеткен жарысқа Жалпақтал ауылының 18 жастан асқан тұрғындары арасынан 11 команда қатысты.
Онда ауыл әкімі жүлдесіне арналған үлкен футбол жарысының тартысты өткені соншалық, ауылдан көшіп кеткен бұрынғы жалпақталдық жігіттердің біразы қырық бес күн бойына осы жарысты көру үшін, тіпті кейбірі осы жарысқа қатысып арнайы ойнау үшін ойын сайын қаладан ауылға келіп, жарыс көркін қыздыра түсті.
Тартысты өткен жарыс нәтижесінің соңғы кездесу ойындарында «Маяк» – «Жалын», «Стрела» – «Тайфун» командалары бір-бірімен кездесіп, жарыс жүлдегерлерін анықтады.
Осылайша сайыс үлкен футболға арналған әлемдік талаптарға (ережелерге) сай жүзеге асырылып, Жалпақтал ауылдық округі әкімінің жүлдесіне арналған жарыстың арнаулы аталым иегерлері мен жеңімпаз жүлдегерлері төмендегіше анықталды:
«Үздік қақпашы» – Алмас Нұрбекұлы Төлеген (Стрелла)
«Үздік қорғаушы» – Мерген Қуанышұлы Сүлейменов (Тайфун)
«Үздік сұрмерген» – Темирлан Мәдиұлы Сағынғалиев (Жалын, 13 доп)
«Үздік шабуылшы» – Жолдас Абайұлы Хайреденов (Жалын)
«Үздік ойыншы» – Әділ Құрманұлы Ршманов (Маяк)
«Жеңіске деген жігерлілік үшін» – «Маяк» командасы.
ІІІ орынды «Жалын» командасы, ІІ орынды «Стрела» командасы, І орынды – «Тайфун» командасы иеленді.
Жарыстың арнаулы жүлде иегерлері мен жеңімпаз-жүлдегерлері арнайы медальдармен, дипломдармен, 100 000, 150 000, 200 000 ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Қыдыр Харесұлы
Казталов ауданы