1.10.2020, 21:22
Оқылды: 16

Жалпақталда ауыл қариялары құрметтелді

1 қазан – Халықаралық қариялар күні мерекесіне орай Жалпақтал ауылдық округінің әкімі Әлия Нәсіпқалиқызы мен әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің әлеуметтік жұмыс жөніндегі кеңесшілері Мира Амангелдіқызы және Маржан Төлеуғалиқызы үйден арнаулы әлеуметтік қызмет алушылардың отбасында болды.

20201001_190658

Үйден арнаулы әлеуметтік қызмет алушылар Күнсұлу Кабдығалиева, Үміт Молдағалиева, Надежда Айчувакова, Алма Мұстановалардың үйінде болып, айтулы мерекемен құттықтады. Өз кезегінде туған елі үшін жасаған ерен еңбектеріне алғыс айтқан құттықтаушылар ауылдық округ қарияларына зор денсаулық тіледі.

 

Қыдыр Харесұлы,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале