16.04.2020, 11:05
Оқылды: 59

Жалпақталда індетке қарсы құрбан шалынды

 Еліміздегі  төтенше жағдайға байланысты ҚМДБ-ның төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы аймақтағы имам-молдаларға Құран хатымды оқуды үндеген болатын.

98D10E0B-D52D-4A9E-B6B3-90118C707942

Бас мүфти өзінің үндеуінде: «Қадірлі бауырлар! Өмір - сынақ мекені. Мұсылманның міндеті - сынақты сауапқа айналдыратын амал жасау. Иман шартын жүрекке бекіткен момын, жақсылық пен жамандық Алладан екенін қабылдайды. Нығметке кенелсе шүкір етеді, қиындыққа тап болса төзімділік танытады...» деген болатын. Елімізге төнген қауіпті пандемия күн сайын өршіп келеді. Адамзат баласына келген бұл сынақтан сүрінбей өтіп кетуді күллі әлем тілеуде. Бүгін Казталов ауданы Жалпақтал мешітінің бас имамы, дінтанушы  Нұралиев Тілек Ахмеджанұлының ұйымдастаруымен Алла разылығы үшін бір ірі қара құрбан етілді, елдегі төтенше жағдайларға байланысты Құран хатым түсірілді. "Келген жылымыз берекелі жаңбырлы, мал жандарымыздың рыздығы мол болып, Аллаһым елімізді, жерімізді жұқпалы індеттен, кездейсоқ келген кесапаттан сақтап, халқымызға амандық, жұртымызға тыныштық нәсіп еткейсің" деп Құран оқылып,  дұға жасалды.

452D021F-2090-4AB3-A7CF-741D86409D58

Ірі қара еті 35 үйге, соның ішінде аз қамтылған отбасыларына,  мүмкіндігі шектеулі жандарға, әлеуметтік жағдайлары төмен адамдарға таратылды.

Жалпақтал мешітінің баспасөз қызметі

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале