9.03.2026, 8:33
Оқылды: 12

Жалпақталда «Jeti qazyna» кешені ашылды

Кеше Жалпақтал ауылында жаңа кәсіпкерлік нысан «JETI QAZYNA» кешенінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Азық-түлік және автобөлшектер дүкендері, лоундж бар мен караоке залдары орналасқан кешеннің ашылу салтанатына аудан әкімі Асланбек Сарқұлов, ауыл тұрғындары қатысты.

FB_IMG_1773026509448

Жаңа нысан ауыл тұрғындарына сапалы қызмет көрсетумен қатар, жергілікті кәсіпкерліктің дамуына серпін беретін маңызды жоба. Кешен «Ранида» жеке кәсіпкерлігінің жетекшісі Асхат Жұмановтың бастамасымен жүзеге асып, жобаға 80 млн теңге инвестиция салынған.

FB_IMG_1773026503732

Салтанатты шара барысында аудан әкімі Асланбек Ахметоллаұлы кәсіпкерді жаңа нысанның ашылуымен құттықтап, туған жердің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып жатқан азаматтарға әрдайым қолдау көрсетілетінін атап өтті.

— 2026 жылы ауданымызда 20 нысанның ашылуы жоспарланып отыр. Жалпы инвестициялық көлемі 2 млрд 242 млн теңгені құрайды. Соның нәтижесінде 67 жаңа жұмыс орны ашылады. Асхат Жұмановтың бұл бастамасы туған жердің өркендеуіне бағытталған игі қадам. Осындай кәсіпкерлердің арқасында ауыл экономикасы дамып, халықтың тұрмыс сапасы арта түседі. Жалпы, кәсіпкерлік бастамаларды қолдау мен инвестиция тарту ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының маңызды бағыты, — деді аудан басшысы.

FB_IMG_1773026516310

Сонымен қатар аудан басшысы ел дамуы үшін алдағы маңызды саяси науқан Жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі республикалық референдумның маңыздылығына тоқталып өтті.

— Конституциялық реформа – еліміздің демократиялық дамуы мен әділетті қоғам құру жолындағы маңызды қадам. Референдум арқылы қабылданатын жаңа Конституция мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіріп, азаматтардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған. Сондықтан бұл – әр азаматтың ел болашағына бейжай қарамай, өз таңдауын білдіретін маңызды саяси науқан, — деді аудан әкімі.

Өз кезегінде кәсіпкер Асхат Жұманов жаңа кешеннің ашылуы туған ауылына деген жанашырлықтың нәтижесі екенін атап өтті.

FB_IMG_1773026520228

— Туған жердің дамуына үлес қосу – әр азаматтың парызы деп білемін. Бүгінгі ашылып отырған «JETI QAZYNA» кешені ауыл тұрғындарына сапалы қызмет көрсетіп, жастардың бос уақытын тиімді өткізуіне мүмкіндік береді деп сенемін. Алдағы уақытта да ауылымыздың дамуына өз үлесімді қоса беремін, — деді кәсіпкер.

FB_IMG_1773026527628

Салтанатты рәсімде қонақтар жаңа нысанның жұмысымен танысып, кәсіпкерге сәттілік тіледі.

FB_IMG_1773026524154

Асылбек Нәсіпқали

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале