28.10.2020, 9:53
Оқылды: 9

Жалпақталда қарттарға құрмет көрсетілді

Казталов ауданының Жалпақтал ауылындағы №2 ауруханасында қазан айы бойы ұйымдастырылған Қайырымдылық айлығына орай Жалпақтал ауылындағы қариялар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға арналып "Қарттарын қадірлеген ел ардақты" атты мерекелік кездесу кеші оздырылды.

20201028_093626

Шара барысында сөз алған Казталов аудандық №2 аурухана директорының уакытша міндетін аткарушы Надежда Васильева, жұқпалы бөлім дәрігері Гүлнәр Сапахова, аурухананың психолог маманы Гүлнәр Қайырғалиевалар ардагер қарияларды қазан айындағы айтулы мерекелерімен құттықтап, олардың дендеріне саулық тілесе, әнші Нұрболат Нұрдәулет әсерлі кешті әдемі әндерімен көмкере білді.
Мерекелік дастарқан жайылып, сыйлықтар ұсынылған кеш соңында осындай маңызы зор шараны ұйымшылдықпен ұйымдастырған аурухана ұжымына ауыл ардагерлері алғыстарын білдірді.

Қыдыр Харесұлы,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале