1.04.2024, 11:45
Оқылды: 53

Жалпақталда көктемгі су тасқыны әлі де күшінде тұр

Казталов ауданында басталған көктемгі су тасқынының әлі сейілетін түрі жоқ. Сең аралас қызыл судың екпіні уақыт өткен сайын қарқын алып отыр.

су жалпактал 2024 (1)

Қауіптің алдын алу шараларына елім деген ауылдың атпал азаматтары күн-түн демей белсенділік танытып, уақтылы қадағалауды жіті қолға алуда. Салдарынан түйдек-түйдек болып келген қалың сеңдердің жүру жолдары реттеліп, қауіпсіздіктің алдын алу шаралары кезеңімен жүзеге асты.

су жалпактал 2024 (2)

- Жігіттердің белсенділіктері сын сағатта арта түсіп, тәулік бойына бір де бір рет үзіліп көрген емес. Ауыл десе ішкен асын жерге қоятын Жалпақталдың елжанды азаматтарына ауылдастарымыз атынан рахметімді айтамын. Қалыптасқан жағдайға байланысты қажет болған жағдайда жігіттердің жұдырық болып жұмылуы елдігіміздің айқын дәлелі. Сондықтан ауылымыздың азаматтарына амандық тілеп, тасқын су салған уақытша қиындықтан кедергісіз өтуге жазсын деп тілеймін, - дейді ардагер ұстаз, ауылдың жергілікті тұрғыны Болат Ахметов.

Шұғыл мәлімет дерегі бойынша тасқын судың көтерілу мөлшері 7:54 деңгейін көрсетті. Су тасқыны сейілгенше қауіпсіздік жұмысы жүргізіле береді.

Қыдыр Харесұлы,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале