3.03.2025, 12:00
Оқылды: 182

Жалпақталда қол күресшілер бақ сынасты

Казталов ауданы Жалпақтал ауылында «Айбын» спорт клубының ұйымдастыруымен «Алғыс айту» күніне орай қол күресінен аудандық чемпионат өтті.

IMG-20250302-WA0058

Жарыстың салтанатты ашылу рәсімінде сөз алған Жалпақтал ауылдық округі әкімінің орынбасары Санжар Жасұланұлы мен аудандық мәслихат депутаты Серікбол Сағындықұлы спортшыларға сәттілік тілеп, бұқаралық спортты дамытуға өз үлестерін қосқандары үшін алғыс білдірді.

IMG-20250302-WA0056
- Бүгінгі жарысқа Казталов, Ақпәтер, Қараөзен, Бостандық, Жаңажол, Көктерек, Жалпақтал округтерінен 36 спортшы қатысып, 70 келі, 80 келі және +80 келі салмақ дәрежелері бойынша өз бақтарын сынады. Жарыс нәтижесі бойынша 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жүлделі ІІІ орынды Мейірбек Елтаев (Жалпақтал), ІІ орынды Дамир Қабдолов (Казталов), І орынды Рахат Рахметуллин (Бостандық) иеленсе, 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесі бойынша жүлделі ІІІ орынды Елжан Хасанов (Жалпақтал), ІІ орынды Мерхат Самигуллин (Жаңажол), І орынды Нұртілек Жалмұхан (Казталов) иеленді.

photo-output
Ал +80 келі салмақ дәрежесі бойынша жүлделі ІІІ орынды Темірхан Оразаев (Жалпақтал), ІІ орынды Азамат Қадыров (Қараөзен), І орынды Әлихан Бақытжанов (Казталов) иеленді. Аталмыш жарыста ауданда өтетін көптеген спорттық шараларға қолдау білдіріп, үнемі атсалысып жүретін ардагер спортшымыз, Жалпақтал Радио теле-хабар тарату бекетінің басшысы Қайыржан Мендіғалиев ағамызға «Айбын» спорт клубы ұжымы атынан шынайы ризашылығымызды білдірдік, - дейді спорт клубының Жалпақтал ауылындағы әдіскері Бекежан Жүсіпқалиев.

IMG-20250302-WA0054

Қыдыр Харесұлы
Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале