5.11.2018, 12:53
Оқылды: 58

Жалпақталда КТК ойындары өтті

Қазталов ауданы келер жылы «Жастар жылы» қарсаңында Жалпақтал ауылындағы мекеме жастарының арасында «Жаңғырудың жарқын жолы жастардың қолында» атты КТК сайысы өтті.

IMG_1037

Тартысқа толы ойынға «Лала» («Ертегі» бөбекжайы), «Жаңа STAR» («Балдәурен бөбекжайы»), «Молдашев жастары» (Ғ.Молдашев атындағы мектеп), «17 Легион» (Жалпақтал колледжі), «Time out» (К.Меңдәлиев атындағы мектеп) және «Адреналин» (Жалпақтал ауруханасы) командасы қатысып, қағытпа қалжыңдарымен көрермен көңіліне жол тапты. Сайыс барысында тақырыпқа сай еліміздегі, ауылдағы маңызды мәселелерді қозғалды.

Жайдарлы жайдарманшылар «Сәлемдесу», бейнебаян арқылы, «Үй тапсырмасы» кезеңдері бойынша сынға түсіп, өнерлерін көрсетті. Жалпақтал мәдениет үйінің ұйымдастыруымен өткен ойында «Үздік ойыншы» аталымын «Лала» («Ертегі» бөбекжайы) командасының ойыншысы Менсара Құбиева иеленді,

Нәтижесінде «Лала» командасы үздік үштіктің қатарында болса, ІІ орынды «17 Легион» командасы иеленді. Ал «Молдашев жастары» І орын алып, кубокты жеңіп алды.

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИ,

Қазталов ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Instagram және Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале