Кеше Жалпақтал ауылында «Айбын» спорт клубының ұйымдастыруымен шағын футболдан Жалпақтал ауылындағы мекеме-ұйымдар арасында ауылішілік жарыс өз мәресіне жетті.
Бес команда қатысқан тартысты жарыста жүлделі ІІІ орынды «К.Меңдәлиев атындағы ЖОББМ» командасы, ІІ орынды «Жалпақтал ауруханасы» командасы, І орынды «№17 Жалпақтал өрт сөндіру бөлімі» командасы өзара бөліссе, жарыстың «Үздік қорғаушы» аталымына Рауан Казиуллин, «Үздік қақпашы» аталымына Тельжан Азамат, «Үздік шабуылшы» аталымына Нұрдәулет Зинуллин, «Үздік ойыншы» аталымына Ернұр Қайыржанов лайық деп танылды.
Жарыс қортындысында жүлдегерлер мен үздіктер арнайы дипломдармен, медалдармен марапатталды. Жарысқа қатысқан мекемелерге және сол мекеменің басшыларына ұйымдастырушылар тарапынан алғыс айтылды.
Қыдыр Харесұлы,
Казталов ауданы