28.07.2020, 10:04
Оқылды: 44

Жалпақталда түлектер дәрі-дәрмекпен жәрдемдесті

Әлемді шарпыған індетке байланысты өңіріміздің мекеме ұйымдарына оңай соқпай тұрғаны белгілі. Бұл індет, әсіресе жасы егде тартқан адамдарға оңай тимей тұр. Елімізде дәрі-дәрмек пен медициналық құралдардың жетіспеушілігі - бүгінгі таңдағы өзекті мәселе.

31F9184F-C51F-489B-AC61-022B8E4B0AF0

27 шілдеде Казталов ауданына қарасты Жалпақталдағы 1975 жылы дүниеге келген Ғинаят Молдашев атындағы мектеп түлектері қайырымдылық шараларын ұйымдастырып, Жалпақтал ауруханасына екі жүз мың теңге қаражатқа медициналық дәрі-дәрмектер сатып алып берді.

63954B18-5B6E-433D-8A26-5C58E8E957FB

Жалпақтал ауылының әкімі Әлия Нәсіпқалиқызы мен Жалпақтал ауруханасының директоры Алмас Тоғайбайұлы медицина қызметкерлері мен ауыл тұрғындары атынан шынайы алғысын жеткізді.

Қыдыр Харесұлы,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале