Бүгін Казталов ауданы әкімінің орынбасары Қадер Қыдырәліұлы Жалпақтал ауылының тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдап, оларды мазалаған келелі сауалдарына орай тұшымды жауап берді.
Жұмыс кестесіне сәйкес, аудан әкімінің қабылдауына жазылған жекелеген адамдармен бірге Жалпақтал ауылының Байқоңыр көшесі №18/1 көпқабатты үйдің тұрғындары жиналып келіп, өздерін мазалаған өзекті мәселелері бойынша өтініштерін айтып, жергілікті басшылар тарапынан көмек берілуін сұрады.
Тұрғындар өтінішіне құлақ түрген Қадер Қыдырәліұлы көтерілген мәселелердің бәрі де заң аясында шешілетінін айтып тұрғындарды бір-бірімен түсіністік танытып өмір сүруге шақырды.
Қыдыр Харесұлы,
Казталов ауданы
zhaikpress.kz