18.03.2025, 23:00
Оқылды: 162

Жалпақталда «Ұлттық киім» күніне орай мерекелік шара өтті

Шуақты көктеммен бірге қазақ жерін жайнатып, бұлбұл құсын сайратып, Наурыз тойын тойлатып — Жаңа Жыл келетіні белгілі.
IMG_4814

Бүгін, 18 наурыз – еліміз бойынша жоспарланған «Наурызнама» онкүндігімен ұштастырып, ұйымдастырылған іс-шара жоспары негізінде Жалпақтал ауылындағы дәстүрлі өнер орталығында «Ұлттық киім» күніне орай жастарға арнап мерекелік шара өткізілді.

Ұлттық ерекшеліктерге сай келетін киім үлгілері — қазақ ұлтының бет бейнесін көрсететін ғажайып дүние. Оның ел арасында эстетикалық мәні де орасан зор. Сондықтан әр қазақ мақтан тұта алатын ұлттық киім кию үлгілерін дәріптеуге әбден болады. Қазақ елі ұлттық киім үлгісін жасауда өзіндік ізін қалдыра білген.
Шара барысында бойжеткен қыздар ұлттық киім киіп, халқымыздың салт-дәстүрі мен әдеп-ғұрпы әлі күнге дейін өзгермей келе жатқанын дәлелдей білді.
Тағылымы мен тәрбиесі мол шараға Жалпақтал ауылдық округінің әкімі Ғаділбек Әлібеков, аналар Кеңесінің төрайымы Гүлнәр Сапахова, «Шапағат» әжелер ансамблінің мүшелері Ардақ Бөргелова мен Ләйла Бәделова, жас отбасылардан Алтынбек Әмірғалиевтің үлгілі отбасы қатысып, ұлттық киім жайында келелі пікірлерін ортаға салды.
Кеш барысында Жалпақтал Өнер мектебінің ұстазы Ақылбек Каманов қазақтың қара домбырасынан күй төгіп, әдемі әндерді шашу етті.

Қыдыр Харесұлы
Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале