23.03.2026, 11:29
Оқылды: 72

Жалпақталда Ұлыстың ұлы күнінде жас отбасы баспаналы болды

Жалпақтал ауылында Жаңа Жыл мерекесі қарсаңында жас ұстаз баспаналы болды.

e8a52a06-7a09-40d7-a145-c842898b9a17

— Бүгінде еліміз Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен жаңару жолына нық қадам басып келеді. Ұлттық құндылықтарды ұлықтай отырып, өңірлерді дамыту, ауылдың әлеуетін арттыру – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Осы ретте ауданымызда жүзеге асырылып жатқан «Қаладан-ауылға» өңірлік бағдарламасының маңызы ерекше. Бағдарлама аясында ауданымыздың 16 елді мекеніне 47 отбасы қоныс аударып, жаңа өмірге қадам басты. Қоныс аударған азаматтардың қатарында 91 ересек адам мен 155 бала бар. Әсіресе, Жалпақтал ауылына 4 дәрігер отбасының келуі халықтың денсаулығын жақсартуға бағытталған нақты қадам, ауылдық жерлердегі әлеуметтік инфрақұрылымның нығайып келе жатқанының айқын дәлелі, — деген аудан әкімі Асланбек Сарқұлов өңір басшысы Нариман Төреғалиұлының бастамасымен жүзеге асып жатқан «Қаладан-ауылға» жобасы аясында, Орал қаласынан қоныс аударған Ғ.Молдашев атындағы ЖОББМ-нің информатика пәні мұғалімі Асылжан Бақытжанға жаңа тұрғын үйдің кілтін салтанатты түрде табыстады.

9d4b10c8-7064-4b40-8f14-2a0dcb1f8e05

Асылжан Бақытжан да мереке қарсаңында қуанышының еселенгеніне риза екендігін білдірді.

1ae7ec44-d814-4eef-af82-dc49a02cfb02

— Осындай қуанышты сәтте баспаналы болып отырғаныма ерекше ризамын. Бұл – біздің отбасымыз үшін үлкен қолдау, әрі жаңа өмірдің бастауы. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа, өңір басшысы Нариман Төреғалиұлына, сондай-ақ аудан басшылығына халықтың әл-ауқатын арттыру, жас мамандарды қолдау бағытында жасап жатқан жүйелі жұмыстары үшін шынайы алғысымды білдіремін. Ауылға келіп, еңбек етуге барлық жағдай жасалып отыр. Біз де өз кезегімізде ел сенімін ақтап, білім саласында аянбай қызмет етіп, өскелең ұрпақ тәрбиесіне үлес қосуға бар күш-жігерімізді саламыз, — деді Асылжан Бақытжан.

c1b3c085-3b9f-4f14-a680-0b1d8bf80771

5ab12f76-7976-4c6f-9bf0-e30d70ce47f5


Казталов ауданы әкімдігінің

баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале