14.03.2023, 9:15
Оқылды: 104

Жалпақталда жаңа дүкен ашылды

Кеше жас та болса өзінің іскерлік қабілетімен жерлестеріне кеңінен танылып, көптің көңілінен шығып жүрген белгілі кәсіпкер Гүлжанат Төреғалиева Жалпақтал ауылынан жаңадан салған «Нұрхан» жиһаз және тұрмыстық техника дүкенінің ашылу салтанатын өткізіп, ауылдастарының алдында лентасын қиды.

IMG_7003

Ұлыстың Ұлы күні Әз-Наурыз мерекесі қарсаңында тұтынушыларға есігін айқара ашқан «Нұрхан» дүкенінің ашылу салтанатына Казталов ауданының әкімі Рүстем Зұлқашев қатысып, жеке кәсібін жандандандырып, ел сұранысын қанағаттандырып отырған Гүлжанат Қайыржанқызын бүгінгі жетістігімен құттықтап, аудан тұрғындары атынан қолға алған кәсібіне толайым табыс тілесе, жас кәсіпкердің тоқсан жастан асқан туған атасы, Қазақстан Республикасының Құрметті жолшысы Муса ақсақал немерелеріне арнап ақ батасын берді. Ал жаңа нысанның салтанатты лентасын қию рәсімі Жалпақтал ауылдық округінің әкімі Әлия Жақсыбаева мен Гүлжанатты дүниеге әкелген әкесі Қайыржан Меңдіғалиевке ұсынылды.

IMG_7000
«Бірлік бар жерде тірлік бар» екенін жүректерімен түсінген жалпақталдық ағайындар еліміздің береке бірлігінің арқасында туған ауылдарын жыл сайын көркейтіп келеді. Еліміз бойынша жүзеге асып отырған жаңа реформалардың арқасында ауылдық жердегі кәсіпкерлік нысандар көптеп ашылып,  ел игілігіне қызмет етуде. Соның бірі де бірегейі боп өз істерін алға қарай дамытып отырған «Нұрхан» жиһаз және тұрмыстық техника дүкенінің иелері ауылдастарына арнап қажетті қызметін ұсынып отыр.
Гүлжанат Қайыржанқызы алғаш рет 2012 жылы өзінің отбасымен бірге жеке кәсіпкерлікті қолға алып, он бір жыл бойына ел игілігі үшін қызмет етіп, өңір бойынша 16 округ, 48 елді мекенді қамтып, Жәнібек, Орда, Ақжайық секілді көршілес аудандар мен Қостанай, Атырау қалалары жұртының зор алғысына бөленіп жүр. Ол 2022 жылы жетістікке жеткен «Қосөзен арулары» журналының алғашқы нөміріне еніп, көпке таныла білген жас кәсіпкер. Жалпақтал ауылдық округінде жастар сыйлығы «Жас – кәсіпкер» Жыл үздігі – 2019 аталымының жеңімпазы, Казталов аудан әкімінің «Үздік жас кәсіпкер» Жыл үздігі – 2021 номинациясының иегері, еліміздің экономикалық әлеуметтік әлеуетін дамытуға үлес қосып, аудан экономикасының негізгі қозғаушы күші есептелетін шағын кәсіпті дамытуда еңбегі зор. Ол әрдайым аудан, ауыл көлемінде қайырымдылық шаралар өткізіп, Казталов ауданының 2022 жылғы «Жомарт жүрек» белгісінің иегері атанды. Осылайша адал еңбегімен көпке үлгі болған «Нұрхан» жеке кәсібінің жетекшісі Гүлжанат Қайыржанқызы жан жолдасы Нұрлан Асылбекұлы екеуі достарына адал, еліне сыйлы жас кәсіпкер ретінде айналасына кеңінен танылып, заманауи үлгідегі «Нұрхан» жиһаз және тұрмыстық техника дүкенін халық игілігіне ұсынуда. Еліне игі қызмет атқарып, Жалпақтал ауылының гүлденуіне өз үлестерін қосып жүрген Нұрлан мен Гүлжанатқа ауылдастары дән риза. Олар 2018 жылдан бастап жаңа жыл сайын тұтынушыларға арнап лоторея ойынын ойнатуды дәстүрге айналдырған болатын. Бүгін де «Нұрхан» жиһаз және тұрмыстық техника дүкенінінің ашылу салтанатының құрметіне орай 18 ақпан мен 13 наурыз аралығында сауда жасап, жүз мың теңгеден жоғары тауар алған тұтынушыларға лоторея билетін тегін таратқан болатын. Сол ойында соңғы үлгідегі, бағалы «Айфон-13» ұялы телефонынан бастап отызға жуық түрлі тауарлар ұтысқа түсті. Тұтынушылар алдында ашық түрде ойнатылды. Әділ ойын нәтижесінде көппен бірге ұтыс лотореясына қатысқан Қарасу ауылының тұрғыны күтпеген жерден «Айфон-13» ұялы телефонына ие болды.

Қыдыр Харесұлы,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

IMG_7024

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале