Бүгін бір топ еңбек ардагерлері мен мекеме-ұйым басшылары Жалпақтал ауылындағы орталық паркте орналасқан Жеңіс алаңына гүл шоқтарын қойды.

Ұлы Жеңістің 80 жылдық мерекесі күні өз Отанын сүйген патриоттар алдыңғы толқын ағалардың жан қиярлық ерліктерін мақтаныш етеді.

Аталарымыз 1418 күн мен түнде болашақ үшін от кешіп оларға нұрлы күн сыйлады. Сондықтан бабалар ерлігін мəңгі есте сақтаймыз.
Баршаңызға Ұлы Жеңіс мерекесі құтты болсын!
Қыдыр Харесұлы
Казталов ауданы