2025 жылғы 14-16 сәуір күндері аралығында Орал қаласында қазақ күресінен өтіп жатқан жастар арасындағы Қазақстан Республикасы чемпионатының екінші күнінде жалпақталдық палуан Анарбекқызы Елнара 48 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, ел чемпионы атанды.
Ауданымыз бен ауылымыздың намысын республикалық додада қорғап, өз салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанған Елнара Анарбекқызы мен оның алғашқы жаттықтырушысы Ғаділбек Сатыбалдиевты ауылдастары атынан айтулы жеңістерімен құттықтаймыз.
«Жайық арена» спорт кешенінде өтіп жатқан жарысқа 500-ден астам спортшы қатысып, 16 салмақ дәрежесінде сынға түсуде. Жас балуандар 72 медальді сарапқа салатын болады.
Қыдыр Харесұлы,
Казталов ауданы