Елбасы биылғы жылды Жастар жылы деп жариялаған болатын. Осыған орай Қазталов аудан әкімі Абат Шыныбеков бүгін Жалпақтал ауылында болып, осы аймақтағы Қарасу, Ақпәтер, Жаңажол, Қараөзен, Жалпақтал ауылдарының жастарымен бейресми кездесу өткізді. Басқосудааудан басшысы жастардың ой-пікірін тыңдап, еркін пікір алмасып, қолға алған жобаларын тыңдады.
Аудандағы жастардың жеткен жетістіктері мен шешуді қажет ететін түйіткілдер әңгіме арқауына айналған басқосуда Абат Абайұлы жас буын өкілдерін елдің дамуына өз үлесін қосып, белгілі бір іспен айналысуға шақырды. Жасандылықтан аулақ жүріп, үш тілде білім алу қажеттігін атап өтті.
Кездесу барысында ауыл жастары түрлі ұсыныстарын, ой пікірлерін ортаға салды. Өздерінің жобаларын аудан басшысы алдында таныстырды. Ең алдымен Жаңажол ауылынан Айнұр Мәдиева қоршаған ортаны қорғауды мақсат еткен Жаңажол ауылын абаттандыру, көгалдандыру жобасын таныстырды. Оның айтуынша, ауылдың демалыс саябағын жасап, гүлзарлар отырғызуды қолға алмақшы. Ал Қарасу ауылдық округінен келген Эра Қожанова ауыл жастары мен тұрғындар бірлесе отырып, «Мәңгілік алаң» жасағысы келеді.
-Қарасу ауылының жастары көмек қорының есебінен ескі мәңгілік алаудың орнына боздақтарды ұмытпай, ерен еңбектері ұмытылмас үшін жаңғырту мақсатында «Мәңгілік алаң» деп аталатын саябақ ашқымыз келеді,-деген жастар жетекшісі Эра Қожанова жобаның мақсаты мен міндеттеріне тоқталды.
Ақпәтер ауылдық округінің жастары да өздерінің жобаларын таныстырды. Ақпәтерлік жастар патриоттық әндер байқауын ұйымдастырмақшы. Сонымен қатар қараөзендік Айтгүл Меңдіханқызы «Қоқыс халық дерті» деген жобасын таныстырып, бүгінгі таңда қоқыстардың адам үшін қауіпті екен жеткізді.
Жиын барысында жалпақталдық жастар ауыл шетіне алма бағын отырғызу туралы жобаларын айтты. Жалпақтал жастарының айтуынша, Қараөзен өзені іргесінен бұрынғы алма бағын қайта қолға алып, өзен жағасынан жағажай, балалар ойын алаңы салынса деген идея ұсынды. Жалпақтал колледжінің ұстазы Сатыбалды Тасболатұлы да жобасымен бөлісті. Ол «Күн энергиясын пайдалану және оның болашағы» атты жобасын таныстырды. Басқосу барысында Жалпақтал колледжінің директоры Мағауия Есмағұлов, жерлес ақын Қыдыр Абдрахманов, ауыл жастары жобаға байланысты өздерінің ой пікірлерін ортаға салды.
-Сіздердің көтеріп отырған ұсыныстарыңыз, идеяларыңыз дұрыс. Елбасы «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында Қазақстан қызғалдақ пен алманың отаны деген болатын. Ал біздер сол алмамызды, қызғалдағымызды жастар болып неге қолға алмасқа? Өткен жылы тұңғыш рет Қайыңды ауылында қызғалдақтар фестивалін өткіздік. Біз оны кім үшін өткіздік? Ішіп, жеп, ойын суық көтеру үшін өткізген жоқпыз. Осыны биылда қолға алып кең көлемде өткізуді жоспарлап отырмыз. Әрі қарай дамытуымыз қажет. Жалпақтал жастары алма бағын өсіруді қолға алғалы отырғандары дұрыс. Қолдаймын. Қолымыздан келгенше көмектесеміз. Бірақта бір адам осының басы қасында жүру керек. Қалған жастар қолдап, көмек көрсетсеңіздер жақсы болар еді. Біздер көбірек жастарды қамтысақ бұл біздің жастар жылында жеткен жетістігіміз,-деді Абат Абайұлы.
Тұрарбек Ақмурзин,
Қазталов ауданы
© zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер