12.10.2024, 23:16
Оқылды: 210

Жалпақталдың палуан қызы әлем чемпионатының жүлдегері атанды 

Еліміз бойынша әлемдік додаларда өзінің сара жолын айқындай білген Жалпақтал спортының бүгінгі жетістіктері аз емес. Сөзіміздің дәлелі ретінде елішілік түрлі жарыстардан бастап, халықаралық, әлемдік жарыстардан суырылып шығып жүлделі орындардан көрініп жүрген спорт саңлақтартарын мақтанышпен айтуға болады. Жас болса да осындай мықты спортшылардың қатарынан табылған Эльнара Анарбек атты батыр қызымыз самбо күресінен кадеттер арасында әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.

FB_IMG_1728746558222

Ол Кипр елінің Ларнака қаласында самбо күресінен кадеттер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында шебер өнер көрсетіп, 47 келі салмақ дәрежесінде жүлделі ІІІ орынға ие болып, ел қоржынына қола медаль салды.

Эльнара Анарбек жас бүлдіршін кезінен Жалпақталдың спорт мектебінде тұңғыш жаттықтырушысы Ғадылбек Сатыбалдиевтің қарамағында жаттығып, кейіннен әлемдік додада үлкен олжа салған.

Қыдыр Харесұлы, 

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале