16.04.2018, 17:37
Оқылды: 41

Жалпақталдың спортшы қыздары Қызылордада топ жарды

13-15 сәуір күндері Қызылорда қаласында 2003-2004 жылы туған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында дзюдо күресінен республикалық турнир өтті. Бұл турнирге қатысқан Жалпақталдың қос қызы Айшабибі Мұрадымова мен Айдана Қасенқызы жеңімпаз атанды.

Республикалық турнирде 36 келі салмақ дәрежесінде Айшабибі Мұрадымова мен 40 келі салмақта өнер көрсеткен Айдана Қасенқызы ауылдың, облыстың намысын қорғап, турнирдің жеңімпазы атанып, олжалы оралды. Сонымен қатар бүгінде облыстық спорт интернаттың тәрбиеленушісі, жерлесіміз Элеонора Анарбек ІІ орынға табан тіреп, жүлдегер атанды.

Бүгінде Айшабибі мен Айдана - спортты жанынан серік еткен Ғаділбек Сатыбалдиевтің шәкірттері.

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИҰЛЫ,

Жалпақтал ауылы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале