19.04.2017, 16:35
Оқылды: 18

Жаңа әкімге табыс тіледі

Aksai kala akimi   Бөрлі ауданы әкімі Алдияр Халелов Ақсай қаласының жаңа әкімі Бегімжан Жармұхамбетовті ресми түрде таныстырды.

    Әр түрлі салада қызмет еткен Бегімжан Халибекұлы жуырда өткен сайлауда аудандық мәслихат депуттары дауыс беріп, қолдаған болатын.


    -Сізге сәттілік тілейміз, баршамыздың мақсатымыз бір. Қаламызда туындап отырған бірінші мәселе ол қала тазалығы, гүлзарларды көбейту, саябақтарда ағаштар отырғызу, тұрғындардың наразылығын тудырып отырған қоқыс мәселесін шешу сынды тапсырмалар тұр. Әрине мемлекеттің моноқалаларды дамыту жобасы бойынша жұмыстанатын боламыз» - деген аудан басшысы қала әкіміне табыс тіледі.

   Бегімжан Халибекұлы 1960 жылы 10 қаңтарда Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы, Тузово разъезінде дүниеге келген. Жоғары білімді. 2007 жылы Батыс Қазақстан аграрлық университетін бітіріп, құрылыс бакалавры мамандығы алған. Еңбек жолын инженер-технолог болып бастап,  құрылыс саласында көп жыл еңбек еткен. Басшылық қызметте біраз жылдар еңбек еткен ол 2017 жылдың ақпан айынан бүгінгі күнге дейін Ақсай қаласы әкімінің міндетін атқарып келді.

 Айым НҰРҒАЛИЕВА

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале