29.11.2019, 11:33
Оқылды: 20

Жаңа форматтағы электронды портал артықшылығы айтылды

Шыңғырлау ауданы әкімдігінің мәжіліс залында облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орнбасары Ділдаш Искакованың қатысуымен жиын өтті.

serpin asp (1)

Оған аудан әкімі Ержан Тұрмағамбетов, ауылдық округ әкімдері, әлеуметтік қызметкерлер, өзге де сала мамандары қатысты.

Жиында атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматы терең түсіндіріліп, мүмкіндігі шектеулі жандардың эклектрондық портал қызметін пайдалануы төңірегінде де келелі әңгіме қозғалды. Ділдаш Искақованың айтуынша, әлеуметтік көмек алатын жандар үшін алдын ала түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қажетті құжаттар қазірден бастап жиналуы қажет. Себебі әрбір өтінім арыз берген күннен тіркеліп, ақша да сол күннен бастап тағайындалмақ. Әрі көмек тағы да шартты және шартсыз деп бөлінбек.

Жиында демалыс-сауықтыру орындарына бару үшін бұрынғыдай айлап күтпей, құжат жимай-ақ портал арқылы тіркеліп, баратын жерін өзі таңдауға мүмкіндік молдығы да айтылды.

 А.Муса

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале