19.12.2025, 23:00
Оқылды: 2

Жаңа ғимараттар пайдалануға берілді

Махамбет ауылында бірден үш нысан ашылды. Олар: ауыл әкімі аппараты, ауылдық полиция және өрт сөндіру пункттерінің ғимараттары. Осынау айтулы іс-шараға облысымызға жұмыс сапарымен келген ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Ерлан Төрегелдиев пен Бәйтерек ауданының әкімі Марат Тоқжанов қатысты.

ad9d0fad-002b-4e9d-af4f-73275eb1023f

Алғаш болып сөз алған аталмыш комитет төрағасы бүгінде «Ауыл құтқарушысы» бағдарламасы аясында еліміздің ауыл-аймақтарында өрт сөндіру бекетері бойкөтеріп жатқанын атап өтті.

e8cfa975-6551-417c-8677-5a067d8e5d2d

Ауыл инфрақұрылым жақсарту, ел-жұрттыңқауіпсіздігін нығайту Мемлекет басшысының ерекше назарындағы іс. Бүгін Бәйтерек ауданында қолданысқа беріп отырған нысанды салуға қолдау көрсеткен бизнес өкілдеріне және аудан басшылығына ризашылығымызды білдіреміз. Бұл бағыттағы жұмыс әрі қарай да жалғасады. Мұндай нысандар әр ауылда болуы тиіс,-деді Ерлан Абылайұлы.

b176e251-7eb3-4999-956f-3629352290cf

Ауыл тұрғындарын кешегі өткен ел тәуелсіздігі, келе жатқан Жаңа жыл мекрекелерімен және бүгін есіктерін айқара ашып жатқан жаңа ғимараттардың іске қосылуымен құттықтаған аудан әкімі Махамбет – Бәйтеректегі ірі ауылдық округтардың бірі екеніне тоқталды.

b42e8ec2-8d56-4af7-943c-40a148275871

Өрт пен су - тісіз жау. Өрт, әсіресе жаз айларында ауыл тұрғындарын, бизнес өкілдерін қиындыққа ұшыратады. Соны болдырмау, орын алған жағдайда тез ауыздықтау мақсатындазаманауи өрт сөндіру пункттерінің ашылып жатқаны қуантады. Бүгінде ауданымыздың төрт ауылдық округында осындай бекеттер бар. Мысалы ауданымыздың батыс-солтүстігінде Егіндібұлақ, оңтүстік-шығыста Көшім, оңтүстікте Дариянауылдық округтарында ашылды. Ал бүгін, міне,солтүстік-батыстағы Махамбетте іске қосылуда. Дегенмен де бұл біздің ауданымыз үшін аздық етері анық. Өрттің қайдан шығарын ешкім білмейді. Сол себепті мұндай нысандардың қатарын көбейтуге атсалысатын боламыз,-деді Марат Лұқпанұлы.

509a1eaf-69b1-48cc-a20b-51e8eeb9ef6c

Іс-шара барысында ауыл түрғындары жылы лебіздерін білдіріп, ақсақалдар бата берді.

247dadeb-61a5-468b-a86d-4351a31f6b8b

09bfa413-5498-4fb8-b923-d5cdb455f37a


Серік Маратұлы

Бәйтерек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале