26.02.2026, 16:15
Оқылды: 51

Жаңа Конституция: Халық пен билік бірге

Жаңақала ауданы, Көпжасар ауылында жаңа Конституциялық жобаны түсіндіру мақсатында тұрғындармен кезекті жиын өтті.  

image-26-02-26-12-27.heic

Оған коалиция жетекшісі Закария Сисенғали және коалиция мүшелері  Зара Жардемова, Гүлбану Дағарова мен Азамат Бақиев қатысты. Басқосу барысында Закария Жүсіпқалиұлы ел Президенті  Қ.Тоқаевтың «Бізге  керегі табиғи ресурс емес,  адами фактор, адам құқығы мен бостандығы» деген сөзін тілге тиек етіп, жаңа жобаның негізгі иедяларының бірі – «Әділетті  Қазақстан» қағидатын қалыптастырып, қоғамда заң мен тәртіп үстемдігін күшейту қолға алынғандығын айтып өтті.  Сондай-ақ мемлекеттік тілдің  мәртебесіне де тоқталды. Ал  Зара Қайырғалиқызы Жаңа конституциялық жобаның ел болашағына бағытталған маңызды қадам екенін жеткізіп, орын алған өзгерістер Қазақстанның тұрақты дамуына және келешек  ұрпақтың құқықтық мемлекетте өмір сүруіне мүмкіндік беретініне сенім білдірді. Азамат Ерсұлтанұлы: - «Жаңа жоба – ел дамуының жаңа кезеңін айқындайды. Әлемдік аренада  Президенттің  мінберге көтеріліп, халықаралық деңгейде сөз сөлеуінің өзі еліміздің дамыған мемлекеттер қатарынан орын алғандығының айғағы. Бұл – Қазақстанның саяси беделі мен халықаралық қауымдастығы абыройының артқанын білдіреді. Мұнда халық пен билік арасындағы  ашық диалогқа жол ашылған. Ашықтық пен өзара сенім – әділетті қоғам қалыптастырудың басты негізі»,-деді.

Жиын соңында ауыл халқы ой-пікірлерін ортаға салып, сауалдарын білдірді.

 

Айзада Ақбасова,

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале