5.02.2026, 16:15
Оқылды: 11

Жаңа Конституция жобасы – ел бірлігі мен қоғамдық келісімнің берік негізі

Сырым ауданында Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілген соңғы өзгерістерге арналған актив отырысы өтті. Жиынды аудан әкімі Ж.Батырниязов басқарып, бөлім және мекеме басшылары қатысты.

Конституция референдум (1)

Аудан әкімі Ж.Батырниязов қатысушыларға құттықтау сөз сөйлеп, конституциялық реформалардың ел дамуының жаңа кезеңін белгілеуге бағытталғанын атап өтті. Ол бұл өзгерістер мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге, билік тармақтарының жауапкершілігін арттыруға және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге бағытталғанын жеткізді. Сонымен қатар, жаңа нормалар мен ережелердің азаматтар, саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар мен сарапшылардың ұсыныстары негізінде жан-жақты пысықталғанын атап өтті.

Жиында сөз алған «AMANAT» партиясының Сырым аудандық филиалы төрағасы Талғат Дарғожиев, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Тимур Кубаев және Сырым аудандық мектеп-лицейінің тарих пәнінің мұғалімі Бекболат Нығметжанов конституциялық өзгерістердің мәні мен маңыздылығына тоқталды.

Аудан әкімі Ж.Батырниязов конституциялық жаңалықтардың жергілікті атқарушы органдардың рөлін күшейтіп, өңірлердің дербестігін арттыруға мүмкіндік беретінін атап өтті. Бұл, өз кезегінде, аудан деңгейінде қабылданатын шешімдердің тиімділігін арттырып, тұрғындардың сұранысы мен қажеттіліктеріне жедел жауап беруге жол ашатынына сенім білдірді.

Конституция референдум (2)

Жиын соңында аудан басшысы жаңа конституциялық нормаларды іске асырудағы жүйелі жұмыс маңызды екенін, бұл реформалардың ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсерін тигізетінін ерекше атап өтті.

 

Шынар Молданиязова,

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале