Сырым аудандық прокуратурасының бастамасымен және аудан әкімдігінің қолдауымен аудандық пробация қызметінде есепте тұрған, сотталған тұлғалардың жүріс-тұрысын бақылауды оңтайландыру мақсатында биотерминал орнатылды.
Аталған мәселе прокуратураның бастамасымен аудандық консультативтік-кеңесші органның отырысында қаралып, қажетті қаражат бөлінген болатын.
Бүгін аудан әкімінің орынбасары Асланбек Сарқұлов пен Сырым ауданының прокуроры Нартай Байменовтың қатысуымен құрылғы пробация қызметінде іске қосылды. «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде бұл құрылғы сотталған тұлғаларды уақтылы бақылау мен сыбайлас жемқорлық жағдайларын болдырмауға оң септігін тигізері сөзсіз.
Айжан Бауыржанқызы,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz